Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Сенатор Дархан Қыдырәлі Моңғолия Елшісімен кездесті

8-04-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығының парламенттік байланыс жөніндегі аралық қорытындылары шығарылды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді. Тараптар парламентаралық дипломатияның қарқын ала түскенін айта келіп, саяси диалогтың нығайғанына және жоғары деңгейдегі байланыстардың тұрақты сипатына назар аударды.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екі елдің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылы туралы да айтылды. Қатысушылар бірлескен бірқатар іс-шаралардың табысты іске асып келе жатқанына тоқталды және халықаралық және көпжақты алаңдар аясындағы тиімді ынтымақтастық туралы әңгіме өрбітті.

Елші өзінің дипломатиялық миссиясы кезеңінде көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив