Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
460.37 531.87 5.82

Қалдықсыз өндіріске бағытталған орталық ашылды

Бүгін, 15:50 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім университетінде агроөнеркәсіп өнімдері мен өндірістік қалдықтарды терең өңдеуге бағытталған «Агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін валоризациялау» ғылыми-тәжірибелік орталығы өз жұмысын бастады.

Орталықтың басты бағыты – өсімдік тектес органикалық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы құны жоғары биоөнімдер алу, оларды тағам өндірісі мен биотехнология саласында қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.

Жаңа орталықта алдын-ала өңдеу, физика-химиялық өңдеу және талдау зертханалары, сутекті қолдану әдістері зертханасы, сондай-ақ, бактериологиялық зертхана толық жабдықталып, іске қосылды.

Зертханаларда лигноцеллюлозалық шикізатпен жұмыс жүргізіліп, гидролизат алу, супернатантты бөлу, фильтрация және стерилизациялау секілді негізгі технологиялық кезеңдер жүзеге асырылады.

Орталықтың ғылыми және ұйымдастырушылық қызметі Шәкәрім университетінің «Биоинженерлік жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Халықаралық бағдарламалар тарапынан қаржыландырылатын (Erasmus+, UNICEN, ISTC) ғылыми жобалардың жетекшісі Қайрат Бекбаевтың бастамасымен және үйлестіруімен іске асырылуда.

Орталық жұмысының күнделікті ғылыми-әдістемелік қызметі Шәкәрім университетінің «Тамақ инженериясы» Зерттеу мектебінің оқытушылары мен докторанттарының қатысуымен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта орталық базасында гранттық және бағдарламалық-нысаналы, Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының қаржыландыруы шеңберінде бірнеше ғылыми жобалар іске асырылып, PhD докторанттар және магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда.

Жаңа орталық Шәкәрім университетінде ғылым мен өндірісті байланыстыратын, экология, биотехнология және биоэнергетика бағыттарын тоғыстырған пәнаралық ғылыми алаң ретінде жұмыс істейді.

Галия АБДИЛОВА,

Шәкәрім университеті Тамақ инженериясы 

зерттеу мектебі «Биоинженерлік жүйелер»

кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив