Роман Скляр Корея Республикасының Президент Әкімшілігі басшылығымен және сауда министрімен Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселесін талқылады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикпен және Корея Республикасының сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, сондай-ақ энергетика және өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, соның ішінде кореялық компаниялардың мұнай-газ жобаларына, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне, сондай-ақ ядролық энергетиканы дамытуға қатысуы талқыланды.
Тараптар Үкіметаралық комиссияның келесі отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара міндеттеме расталды.