Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
460.37 531.87 5.82

Шегірткеге қарсы күрес шараларына 100-ден астам дрон жұмылдырылады

Бүгін, 16:41 018.kz

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес маусымына дайындық аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу жұмыстары толық аяқталды.

Биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік әдіспен химиялық өңдеу үшін 46 агродронды пайдалану жоспарланған.

Белгілі болғандай, үйірлі шегіртке түрлері дала, шөл және таулы аймақтарда, сондай-ақ өзен аңғарларында таралады. Мұндай жерлерде жерүсті техниканы қолдану қиындық тудырады. Сондықтан ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану зиянкестер ошақтарын жедел анықтауға мүмкіндік береді, мониторинг жүргізу үдерісін едәуір жеделдетеді және зерттелетін аумақтардың қамту аясын кеңейтеді.

Маусымға дайындық барысында мамандар жабдықтардың техникалық жай-күйіне кешенді тексеру жүргізді. Ұшу қауіпсіздігіне, бүрку жүйелерінің тиімділігіне және басқару жүйелерінің тұрақтылығына ерекше назар аударылды.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг жүргізетін «Фитосанитариялық қауіпсіздік және болжамдар әдістемелік орталығы» РМК-ның техникалық паркі айтарлықтай кеңейді. Мәселен, былтыр орталық 2024 жылдың соңында сатып алынған 7 дронды пайдаланса, 2025 жылдың желтоқсанында қосымша 50 құрылғы сатып алынды.

Осылайша, қадағалау барысында 57 ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану маусымға дайындық деңгейін айтарлықтай арттырып, фитосанитариялық қауіптерге тиімді әрі жедел әрекет етуге жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив