Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Қазақстан жаһандық авиация жүйесіндегі рөлін нығайтуда

8-04-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 (a) және 56-баптарына өзгерістер енгізуді көздейтін хаттамаларды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұған дейін аталған түзетулер Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында мақұлданған болатын.

Өзгерістер ИКАО Кеңесінің құрамын 36-дан 40 мүше мемлекетке дейін ұлғайтуды қарастырады.

Түзетулердің күшіне енуі үшін оларды ИКАО-ға мүше мемлекеттердің кемінде үштен екісі (128 ел) ратификациялауы қажет. Бүгінгі таңда 123-тен астам мемлекет ратификациялау рәсімін аяқтады.

Аталған Заңның қабылдануымен Қазақстан Орталық Азияда Чикаго конвенциясына енгізілген бұл өзгерістерді ратификациялаған алғашқы мемлекеттердің біріне айналды.

Бұл қадам еліміздің халықаралық міндеттемелерге, сондай-ақ тиімді басқаруды дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған Чикаго конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына бейілділігін растайды.

Сонымен қатар, Заңға қол қойылуы Қазақстанға ұшу қауіпсіздігі саласындағы халықаралық стандарттарды және авиациялық саясатты қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ алдағы ИКАО Ассамблеясының Төтенше сессиясы аясында ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсыну ниетін бекітеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив