Цифрлық медицина: Семейдегі №1 поликлиника қалай дамып келеді
№1 поликлиника (қала тұрғындарына бұрынғы атауымен – Орталық қалалық аурухана, ЦГБ ретінде белгілі) Абай облысының әкімшілік орталығындағы ең ескі емдеу мекемелерінің бірі болып табылады.
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған БАҚ үшін пресс-тур барысында клиниканың жұмыс процесі таныстырылды. Аурухананың бас дәрігері Анатолий Ахунжанов клиникада цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ауруханада науқастарға қолдау көрсету қызметі тұрақты жұмыс істейді. Дәрігерлер науқастардың кез келген сұрағын шешуге дайын.
Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері аурухана ғимаратын аралап, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, медициналық персоналмен кездесті.
Поликлиника базасында флюорограф, жоғары технологиялық құралдар бар: GeneXpert, фиброскан, рентгендік маммограф, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық және басқа да зерттеулерге арналған аппаратар, ЭХО-кардиограф, ЭКГ аппаратар, Холтер, СМАД, сонымен қатар компьютерлік негіздегі биохимиялық, ИФА, иммуно-химиялық зерттеулер жүргізілетін лабораториялар.
Поликлиникада барлық түрдегі жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі: ауруларды ерте анықтау (скрининг), емдеу және пациенттерді реабилитациялау мақсатында профилактикалық қызметтер де бар.
Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі