Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

ЖИ кен орындарының жасырын сырларын анықтауға көмектеседі

9-04-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық геологиялық қызмет және Astana Hub-пен бірлесіп геология саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне шығарды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.

Жоба бойынша архивтік деректерді машинамен оқитын форматқа көшіру үшін OCR технологиялары мен заманауи тілдік модельдер қолданылады.

Жоба EPAM Kazakhstan компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін отандық QazTech және AlemCloud платформалары да атсалысып отыр.

Осы бастама аясында мамандар Data Science құралдары бойынша оқытылуда, құрылымдалған деректер базасы жасалып жатыр, сонымен қатар GIS-іріктеуден өткен құрылымдалған деректер базасы, интерактивті карта мен интеллектуалды чат-бот әзірленуде.

«Біздің мақсатымыз – интеллектті «геолог сияқты ойлауға» үйрете отырып, кен орындарының жасырын сырларын анықтауға қолдану», – деді Ж.Дүбірова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив