Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
475.31 555.54 6.05

Цифрлық дәуірдегі қаржылық қауіпсіздік: Астанада маңызды форум өтті

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада "Қазақстанның қаржылық қалқаны: алаяқтық туралы мифтерге сот" тақырыбында форум өтті.

Іс-шараны "Цифрлық Қазақстан" қауымдастығы мен ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырды.

Форум мемлекеттік органдар, қаржы институттары, құқық қорғау құрылымдары, IT-компаниялар және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, алаяқтыққа қарсы күрес және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар алаяқтық схемалардың алдын алудағы мемлекет пен қаржы институттарының рөлін, жаңа алдын алу технологияларын, алаяқтарды анықтау әдістерін және халықаралық озық тәжірибелерді қарастырды.

Форум мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы сындарлы диалог алаңына айналып, тәжірибе алмасуға және елдің цифрлық экономикасына деген сенімді арттыруға ықпал етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив