Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.11 545.58 6.2

Тассайдың көптен бері күтіп жүрген мәселесі шешілді

13-04-2026, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданына қарасты Тассай ауылына апаратын көпірді 2024 жылы өзен суы шайып, екі жыл уақыт қатынас үзілген болатын. Нәтижесінде ауыл тұрғындары жолды 120 шақырымға ұзартып Қарағандыкөл ауылы арқылы айналып өтулеріне тура келді.

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолдауының арқасында бұл маңызды инфрақұрылымдық нысанды қайта салу бойынша нақты жұмыстар атқарылды.

Қазіргі таңда Тассай ауылына баратын көпір арқылы көлік қатынасына рұқсат берілді.

Сонымен қатар, мердігер ұйым басшысы Қанат Сақан өз қаражаты есебінен көпірден республикалық маңызы бар автожолға дейін асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Жоба толық аяқталған кезде, яғни биылғы жылдың соңында, жаңа көпір толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив