Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Үкіметте тұрғын үйлерді басқару тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды

3-05-2023, 10:15 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қаралды.

Талқылау барысында Кеңес мүшелері тұрғындарға сапалы әрі ашық қызметтер көрсету мақсатында КПТ басқарудың қосымша тетіктерін қарастыратын заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу бойынша ұсыныстарды қарады және қолдады.

Айта кету керек, бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 19 сәуірінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеген болатын.

Отырыста жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив