Депутаттар бірқатар заң жобасын ратификациялады
Олардың қатарында ТМД елдері арасындағы жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бар.
Келісім қазіргі заманғы жағдайларда зияткерлік құқықтарды қорғау бойынша ТМД елдерінің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді және халықаралық құқық қолдану практикасын ескере отырып, тауарларды дараландыру құралдарын қорғаудың ұлттық жүйелерін дамытуға ықпал ететін болады.
Тағы бір заң жобасы – 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама.
Хаттаманың негізгі мақсаты – құжат мәтінін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттардың мазмұнына және ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес келтіру.