Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Абай облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері басталды

18-04-2026, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін өңірімізге Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған арнайы делегация келді. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ішкі саясат және мәдениет басқармаларының басшылары және шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар бар.

Ақтөбе облысынан келген меймандар әуелі облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде болып, ұлылар рухына тағзым етті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына қарасты Абай музей-үйін аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Семейде «Алтын бесік Ақтөбеден – Ұлы Абайға құрмет» атты Ақтөбе облысы өнерпаздарының гала концерті және Ақтөбе облысының тарихына негізделген тақырыптық көрме көрермен назарына ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив