Семейде Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған тағылымды байқау өтті
Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына орай, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Алаштың тұңғыш білім ордасы – М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде тағылымды шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жазушының бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, студенттер мен педагогтер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық рух пен тарихи сананы дәріптеу.
Шығармашылық байқау «Дәуірдің дарабоз тұлғасы» тақырыбымен өтіп, Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы негізінде ұйымдастырылды.
«Тағдыр» романы – қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдерін, ұлттық бірлігі мен тұтастығын, туған жерге деген адалдық пен елдік жолындағы күресін кең тыныспен бейнелейтін көркем туынды. Шығармадағы Демежан бейнесі – шыншылдықтың, намыс пен ұлттық рухтың символы. Жазушы ел тағдыры мен ер тағдырының егіз ұғым екенін терең философиялық тұрғыда ашып көрсетеді. Шекара сызығы тартылған кезеңде тек жер ғана емес, ұлттың бірлігі мен тұтастығы да бөлінгенін көркем тілмен жеткізеді.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді:
• I кезең – роман мазмұны бойынша тест тапсырмалары;
• II кезең – мазмұндық-танымдық сұрақтар;
• III кезең – көркем мәтінді мәнерлеп оқу.
Екі айдан астам уақытқа созылған жүйелі дайындық пен іріктеу нәтижесінде үздік деп танылған оқытушылар:
I орын – Ақжол Қадылбекұлы (300 000 теңге), қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
II орын – Еркеш Нұрпейісова (200 000 теңге), қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
III орын – Маншук Кундукова (100 000 теңге), психология пәні оқытушысы
Сондай-ақ топішілік және бөлімшілік іріктеуден өткен студенттер арасында:
I орын – Әли Шағбан (100 000 теңге), ҚТ 24-09 топ студенті
(Топ жетекшісі: Ақжол Қадылбекұлы)
II орын – Жангүл Тұрсынова (80 000 теңге), ҚТ 25-09 топ студенті
(Топ жетекшісі: Гаухар Қаржасқызы)
III орын – Шұғыла Құрманова (50 000 теңге), ҚТ 24-09 топ студенті
(Топ жетекшісі: Ақжол Қадылбекұлы)
Бұл байқау – ұлт руханиятын жаңғыртуға, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.




