Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Цифрлық болашаққа қадам: Президент Қазақстан бойынша жасанды интеллект мектептерінің желісін іске қосты

Бүгін, 17:52 018.kz

Жаңа білім беру бастамасы елдің 14 өңірін қамтып, азаматтарға заманауи IT-мамандықтарды тегін меңгеруге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев телемост форматында Қазақстанның 14 өңірінде Tomorrow School жасанды интеллект мектептері желісінің жұмысын іске қосты. Жоба Astana Hub базасында жүзеге асырылып, ел азаматтарының заманауи IT-білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Бұл бастама 2024 жылы Президенттің тапсырмасымен елордада ашылған алғашқы жасанды интеллект мектебінің жалғасы болып табылады. Жоба сәтті іске асқандықтан, енді ол бүкіл ел бойынша кеңейтілуде.

Tomorrow School 18 жастан асқан барлық азаматтарға тегін білім алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама цифрлық технологиялармен енді танысып жатқан адамдар үшін де қолжетімді. Оқу процесі 01 Edu платформасы негізінде peer-to-peer қағидатымен ұйымдастырылған. Яғни студенттер бір-бірінен үйреніп, практикалық тапсырмалар мен нақты кейстер арқылы дағдыларын дамытады. Бағдарламаға қатысу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала дайындық қажет емес.

Бағдарлама IT және жасанды интеллект саласының түрлі бағыттарын қамтиды. Қатысушылар бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, мобильді қосымшалар жасау, киберқауіпсіздік және IT-жүйелер архитектурасы сияқты сұранысқа ие мамандықтарды меңгере алады.

Жоба аясында практикалық дайындыққа басымдық беріледі. Қатысушылар теориямен қатар қолданбалы тапсырмаларды орындап, еңбек нарығына қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлының айтуынша, бұл мектеп жастарға болашақ мамандығын таңдауға бағыт береді.

«Бұл - келешек мектебі. Әлихан Бөкейхан университетімен бірлесіп, облыс әкімдігі атынан 50 жұмыс орны дайындалды. Мұнда тәулік бойы білім алуға мүмкіндік бар. Tomorrow School жобасының басты мақсаты – өңірде миллиард доллар табыс әкелетін IT-компанияларды қалыптастыру», - деді ол.

Осындай білім беру бастамалары елдің цифрлық дамуына серпін береді. Жасанды интеллект технологияларын меңгеру мен цифрлық сауаттылықты арттыру мамандардың да, экономиканың да бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив