Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Абай облысында асфальтбетон зауыттары қатаң тексерісте: сәйкессіздіктер анықталды

Бүгін, 15:23 018.kz

Абай облысы аумағында орналасқан асфальтбетон зауыттарына кезең-кезеңімен кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 20 зауыттың 13-і тексерістен өтті.

Тексеру жұмыстарын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының мамандары жүзеге асыруда. Бағалау барысында кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы, технологиялық жабдықтарының жай-күйі, өндірістік процестердің нормативтік талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау жүйесі жан-жақты сарапталды.

Нәтижесінде тексерілген 13 зауыттың тек біреуі ғана белгіленген талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды. Ал қалған 12 зауытта түрлі деңгейдегі сәйкессіздіктер тіркелген.

Қазіргі уақытта қалған 7 зауыт бойынша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Анықталған кемшіліктерге байланысты талапқа сай келмеген зауыттардың қызметі мен олардың шығарған өнімдері қатаң бақылауға алынып, барлық олқылықтарды қысқа мерзімде жою міндеті қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив