Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

30-04-2026, 17:26 018.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті облыстың діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Шарипов Руслан Шәмелұлы қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мерзімінің аяқталуына байланысты Агенттік тарапынан әзірленіп жатқан жаңа Тұжырымдамаға қоғам тарапынан ұсыныс-пікірлер жинақтау және оларды талқылау.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Тұжырымдамаға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар мен жаңа тәсілдерді ортаға салды. Діни бірлестіктердің өкілдері мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, ашықтық пен есептілікті күшейту бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударды.

Іс-шара қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер алдағы уақытта ескерілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив