Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Президент Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды

9-05-2023, 08:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ржев округі Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды. Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті.

Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан  881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.

Бұл жерде 2 мыңнан астам сарбаз жерленген. Олардың қатарында Президенттің ағасы  – Қасым Болтаев та бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив