ІІМ мұражайында генерал Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды
ІІМ мұражайында милиция генерал-майоры, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды.
Ұлы Отан соғысына қатысушы Ахмет Тұмарбековтің есімі ІІМ басшыларының қатарында ерекше орын алады. Ол өз өмірін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және жас мамандарды тәрбиелеуге арнады.
Еске алу бұрышының ашылуына офицердің туыстарынан басқа Халық қаһарманы, бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов қатысты. Іс-шара соңында әйгілі генералдың 100 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
Тағыда оқыңыз
Президент Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараларға қатыстыБүгін қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіІІМ мұражайында жас қызметкерлерге ерлік сағаты өткізілдіПрезидент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты