Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда ауылшаруашылық техникасы өндірісінің жаңа желілері қолға алынды

14-05-2023, 09:34 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы аясында EXPO «Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау: заманауи даму үрдісі» тақырыбында секциялық отырыс өткізілді.

Аталған жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық вице-министрі Ильяс Оспанов, ИИДМ Индустриялық даму комитетінің автомобиль өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы техникасы басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов, сондай-ақ білікті сарапшылар мен мамандар қатысты.

Осы ретте бұл секциялық отырысты өткізу игі дәстүрге айналып, оның барысында ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамытудың өзекті мәселелері талқыланатынын айта кеткен орынды. Мәселен, былтыр ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі ұлғайып, табыс көлемі 173 млрд теңгеден артқан. Айталық, 2022 жылы елімізде 72,5 млрд теңге сомасына 821 комбайн өндіріліп, өзге де ауыл шаруашылығы техникасының саны 10 мыңға таяды.

Тұрақты өсім осы жылы да жалғасып келеді. Мысалы, қаңтар-наурыз айларында 1 384 трактор шығарылып, бұл былтырғы көрсеткіштен 16%-ға жоғары (1028). Комбайн өндірісінің көлемі қаңтар-наурыз аралығында 238-ге жетіп, 2022 жылдағы межемен салыстырғанда бұл 34%-ға көп.

Бұл орайда министрлік тарапынан отандық өндірушілерге қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын айта кетейік. Қабылданып, іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау тетігі арқылы қазір республика аумағында жаңа өндіріс желілері жолға қойылып келеді.

Атап айтқанда, «СемАз» ЖШС кәсіпорнында биыл Jinma тракторларының өндірісі іске қосылды.  Сондай-ақ «АгромашХолдингKZ» АҚ-да Lovol, Deutz Fahr тракторлары мен Lovol комбайндары шығарылып, Kazkioti ЖШС-нің модельдік қатарын DongFeng тракторларының жаңа түрлері кеңейтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен елордада өңдеу өнеркәсібінің көрмесі мен Қазақстан машина жасаушыларының ХІ форумы өткізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив