Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Өнеркәсіпке цифрлы технологияларды енгізу жөнінде машина жасаушылардың форумында айтылды

13-05-2023, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова «Өнеркәсіптегі цифрландыру және роботтандыру» секциялық отырысына қатысты.

Вице-министр айтқандай, қазір өнеркәсіп кәсіпорындарын роботтандырудың маңыздылығын артып, оның инвестицияларды жылдам қайтарудағы, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етудегі, тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндіктері, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттырудағы артықшылығы көп

Әлемдік үрдіс көрсеткендей, зауыттар мен кәсіпорындарда қолданылатын роботтардың үлесі тұрақты түрде ұлғайып келеді.

Әсіресе олар автомобиль өндірісі, электртехникасы, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібінде көп пайдаланылып келеді. Сонымен қатар өнеркәсіпті роботтандыру медицина, аэроғарыш өнеркәсібі және т.б. жаңа салаларда белсенді дамып жатыр.

Сондай-ақ Динара Ринатқызы министрліктің негізгі көздеген мақсаты өндіріс процесіне өнеркәсіп роботтарын енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру саналатынын, сонымен бірге ҚР Өнеркәсіпті роботтандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сөз соңында аталған іс-шараның маңыздылығы, сондай-ақ машина жасау саласын, тұтастай өнеркәсіпті дамытуға ықпал ететін бірлескен бастамалар мен ұсыныстарды әзірлеу мүмкіндігі туралы да айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив