Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.34 541.25 6.01

Берік Уәли теміржол вокзалының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Кеше, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Семей теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Семей теміржол вокзалы 1915 жылы салынған. Вокзал ғимаратында соңғы рет 1972 жылы қайта құру жұмыстары, 2013 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Жөндеуден кейін вокзалдың жалпы аумағы 3 мыңнан 4,7 мың шаршы метрге дейін ұлғаяды. Ұзындығы 143 метр болатын жаяу жүргіншілер өткелі салынады.

Қазіргі таңда нысанда жұмыс екі ауысыммен жүргізіліп жатыр. Жөндеу кезеңінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін вокзал ғимаратының жанынан уақытша күту орны ұйымдастырылған.

Аймақ басшысы вокзалдың қала инфрақұрылымындағы маңызына тоқталып, құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес облысымызда теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған маңызды бастама. Өңіріміздегі жаңғырту жоспарына енген 10 вокзалдың ішіндегі ең үлкені – Семей вокзалы. Нысандағы құрылыс барысын үнемі келіп, қадағалап отырамыз. Белгіленген мерзімге сай, уақтылы аяқтауымыз қажет», – деді Берік Уәли.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзалды жаңғырту жұмысы басталған болатын. Жуықта Бородулиха ауданының Ауыл және Белағаш ауылдарындағы теміржол вокзалдары қайта жаңғыртудан кейін елімізде алғаш болып пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта өңірдегі 8 теміржол вокзалын (Семей, Аягөз, Шар, Ақтоғай, Жалаңашкөл, Дегелең, Үшбиік және Жарма станциялары) жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив