Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өрті оқшауланды

18-07-2026, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданындағы орман өрті бүгін сағат 9:45-те оқшауланды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Өртті сөндіру жұмыстарына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, сондай-ақ Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

Жалпы өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ тартылды.

Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация арқылы 319 рет су төгіліп, өрт ошағына 709 тонна су жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Абай облысына келіп, аймақ басшысы Берік Уәлимен бірге жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестірді.

Сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен облыс әкімі Берік Уәли өрт аумағын тікұшақпен әуеден бақылап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру және өрт ошағын бақылау жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив