Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Сенаторлар Кеден одағының еркін экономикалық аймақтар туралы келісіміне енгізілген түзетулерді талқылады

17-05-2023, 13:30 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс барысында «2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды талқылады.

Хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа негізделген және ЕАЭО Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып, Келісімнің бірқатар баптарына редакциялық және заңдық сипаттағы өзгерістер енгізу. Хаттамада еркін экономикалық аймақтардың аумағы одақтың кедендік аумағының бөлігі, ал порт және логистикалық АЭА шектері – одақтың кедендік шекарасы болып табылатын норма көзделеді.

Талқылау қорытындысы бойынша Комитет мүшелері заңды Палата отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив