Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мәулен Әшімбаев «Белгия-Қазақстан» достық тобының төрағасы Тим Ванденпутпен кездесті

17-05-2023, 14:24 Думан Кенжеғазыұлы

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Бельгия-Қазақстан» достық тобының төрағасы Тим Ванденпут бастаған Бельгия Парламенті депутаттары делегациясымен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Мәулен Әшімбаев Бельгия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Сенат төрағасы парламентаралық деңгейде, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтастықты нығайту қажеттігін айтты.

«Біз парламентаралық байланыстардың қарқынды дамуына мүдделіміз. Екі елдің Парламенттерінде достық топтары табысты жұмыс істеуде. Олар біздің ынтымақтастығымызды дамытудың маңызды тетігі болып табылады. Қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Парламентаралық одақ алаңдарында бельгиялық әріптестерімен өзара әрекеттесуге де мүдделі», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы бельгиялық әріптестеріне Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде Тим Ванденпут Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси трансформацияның, сондай-ақ еліміздің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының тиімділігін атап өтті. Парламентарий өз тарапының инвестициялық және көлік-логистикалық жобаларды дамытуға және парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив