Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Волонтерлердің бірінші республикалық форумы аяқталды

17-05-2023, 17:07 018.kz

«Қазқұтқару-2023» жиын-семинарының 1 кезеңін өткізу шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою саласындағы волонтерлердің бірінші республикалық форумы сәтті аяқталды.

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен серіктестікте форум «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигоны базасында ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 40-тан астам волонтерлердің топтары мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Форум барысында таулы жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, суда құтқару және т.б. ерекшеліктері зерделенді.

Волонтерлер өңірлердің ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, волонтерлер корпусы мен ҚР ТЖМ өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Форум ТЖ алдын алу және жою саласындағы даму жөніндегі қызметтегі жаңа басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив