Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Jastar X диалог алаңында Құрылтай сайлауындағы жастардың рөлі тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті

27-08-2026, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Jastar X диалог алаңы аясында «Құрылтай сайлауы 2026: жастардың қатысуы мен белсенділігі» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Кездесуге орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, жастар саясаты мен құқық саласының сарапшылары және жастар қатысты.

Жиында конституциялық өзгерістердің мазмұны, елдің жаңа саяси жүйесінің қалыптасуы және оның Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына ықпалы талқыланды.

Сарапшылар қоғамдық-саяси үдерістердегі жастардың рөлі мен олардың Құрылтай сайлауына қатысу мәселесіне де тоқталды. Сонымен қатар жастар саясатының өзекті мәселелері мен жас азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив