Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.3 538.07 5.41

Қызылордада қоғамдық диалогты дамытудағы БАҚ-тың рөлі талқыланды

Бүгін, 16:41 018.kz

Қызылордада БАҚ жұмысының заманауи тәсілдері мен қоғаммен ашық диалог орнату мәселелеріне арналған Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға Журналистер клубының мүшелері, этностық БАҚ пен «Қоғамдық келісім» өкілдері, медиа сарапшылар және блогерлер қатысты.

Қатысушылар қоғам үшін маңызды үдерістерді ақпарат құралдарында жариялау, ашық диалог мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ журналистер, баспасөз қызметтері мен сарапшылар арасындағы байланыстың жаңа форматтары сөз болды.

Кездесудің тәжірибелік бөлімінде қоғамдық-саяси үдерістерді ақпараттық сүйемелдеу бойынша тренинг өткізілді. «Медиа, PR және қоғам: ашық диалог мәдениеті» және «Шешімдер журналистикасы. Өңірлік медиадан қоғамдық маңызы бар материалға дейін» тақырыптары жеке қарастырылды.

Спикерлер аудитория сұранысына сай сапалы контент әзірлеудің заманауи тәсілдері туралы айтты. Қатысушылар да өз тәжірибелерін ортаға салып, ақпарат саласындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Журналистер клубын медиа саласы өкілдерінің тәжірибе алмасуына және кәсіби байланысын нығайтуға арналған алаң ретінде одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив