Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр

31-08-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес  Үржар ауылындағы әуежай терминалын қайта жаңғырту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

Жоба аяқталғаннан кейін әуежай терминалының өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Қазір әуежай сағатына 30 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңғырту жұмыстарынан кейін бұл көрсеткіш 140 жолаушыға дейін ұлғаяды.

Жаңғыртылған терминал өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып, Үржар ауданының туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бермек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив