Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Қытай суретшілері өз туындыларын Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығына табыстады

Бүгін, 18:19 018.kz

Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында Қытайдың белгілі суретшілері мен каллиграфия шеберлерінің қатысуымен мәдени іс-шара өтті. Кездесу соңында жергілікті өнер иелері Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен мәдени байланыстың белгісі ретінде өз туындыларын орталыққа сыйға тартты.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің, сонымен бірге Қытайдың шығармашылық және іскерлік орта өкілдері қатысты.

Іс-шара Global Tourism Channel телеарнасының «Әлемдік каллиграфия және кескіндеме» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталды.

Қатысушылар Қазақстанның мәдени орталығы қызметінің негізгі бағыттарымен және орталықта атқарылып жатқан мәдени-ағартушылық жобалармен танысты. Сондай-ақ оларға Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнері туралы ақпарат берілді.

Бағдарлама аясында қытай шеберлері ұлттық мәдениеттің бай мұрасы мен өзіндік ерекшелігін танытатын дәстүрлі кескіндеме және каллиграфия туындыларын көпшілікке ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив