Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1-09-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын бұл мереке өзбек халқының мерейін асқақтата түсетінін атап өтті.

– Қазақстан халқы бауырлас Өзбекстанның жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз ғасырлардан тамыр тартатын достықты, тату көршілік пен халықтарымыздың арасындағы өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Сан қырлы ынтымақтастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына сай бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді. Бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табыстарымызды еселеп, елдеріміздің игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив