Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

«Atamnyn Amanaty» – хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді іздейтін қоғамдық бірлестік

Бүгін, 14:22 018.kz

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздеумен, олардың жауынгерлік жолын анықтаумен, архивтік және далалық зерттеулер жүргізумен айналысатын ұйым.

Қоғамдық бірлестікке соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен туыстарын іздеген азаматтардан өтініштер тұрақты түрде келіп түседі. Бүгінде ұйымға 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен, оның ішінде 4500-ден астам өтініш орындалған. Қазіргі таңда ай сайын орта есеппен 50-ге жуық өтініш қарастырылады.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі соғыс жылдарында жоғалып кеткен жауынгерлердің тағдырын анықтау, олардың жерленген жерлерін табу және жауынгерлік жолдарын зерттеу бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.

Жоғалған туысын іздейтін азаматтар өтініштерін ұйымның байланыс арналары арқылы бере алады. Өтініштер тегін қабылданады.

Өтініш қабылдайтын мамандар:

  • Марфуза Сулейменова: +7-776-828-45-34 (WhatsApp)
  • Сағымбаева Алия Нурпаевна: 8-701-999-78-20 (WhatsApp)
  • Жұмыс телефоны: 8-776-828-45-34

Өтініш беру және ақпарат алу жолдары:

Өтінішті «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің сайты арқылы қалдыруға болады:
ata-amanaty.kz
Өтініш беру сілтемесі: https://clck.su/UiUwd

Ұйымның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына қосылуға болады:
https://www.facebook.com/groups/atamnyn.amanaty/

Сондай-ақ Instagram парақшасына жазылып, ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен іс-шаралары туралы ақпарат алуға болады:
https://www.instagram.com/ata.amanaty/?hl=ru

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі майданда хабар-ошарсыз кеткен боздақтардың тағдырын анықтап, олардың есімдерін жаңғырту және ерлігін ұлықтау бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив