Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Абай облысында күн және жел энергетикасын дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Ма Юн бастаған қытайлық инвесторлармен кездесті.

Кездесуде Абай облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, электр энергиясы тапшылығын азайту және энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қытайлық компания өңірде екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

Бірінші жоба Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кенті маңында қуаты 100–200 МВт жел электр станциясын, екінші жоба Аягөз ауданының Ақтоғай ауылы аумағында күн электр станциясын салуды көздейді.

«China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd» компаниясы электр энергетикалық жүйелерді жоспарлау, инженерлік консалтинг, жобалау, EPC моделі бойынша жобаларды іске асыру, сондай-ақ, жел және күн энергетикасы, энергия жинақтау жүйелері, электр желілері мен қосалқы станциялар саласындағы жобаларға маманданған.

Аймақ басшысы шет елдік инвесторлардың өңірге қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, кездесуде айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын,  әкімдік тарапынан заң аясында тиісті көмек көрсетілетін жеткізді. Ұсынылған жобалар іске асқан жағдайда өңірді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив