Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.45 531.39 5.29

«Abai Route Quiz: Бірлік пен мұра жолы»: жастар Абай әлемінен білімдерін сынады

Бүгін, 09:00 018.kz

Қауымдастық нысанындағы «Қазақстан Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Тарих пен мәдениет саласында волонтерлікті дамыту» жобасы аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Abai Route: Бірлік пен мұра жолы» атты ірі мәдени-ағартушылық бастама жүзеге асырылуда.

Аталған бастама аясында жастар арасында «Abai Route Quiz: Бірлік пен мұра жолы» атты интеллектуалды quiz-викторина ұйымдастырылды. Танымдық сайыстың негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жастардың тарихи-мәдени білімін тереңдету және ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыру. Зияткерлік сайысқа жастар, студенттер және еріктілер қатысып, өзара командаларға бөлінді. Қатысушылар Абайдың өмір жолы, өскен ортасы, шығармалары, қара сөздері, ақындық мектебі және қазақ мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесі бойынша білімдерін сынады.

Quiz-викторина бірнеше тақырыптық кезеңнен тұрды. Қатысушыларға ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздеріне, тарихи тұлғаларға, Абай өмірімен байланысты мекендерге және ұлттық мәдени мұраға қатысты сұрақтар ұсынылды. Сондай-ақ логикалық тапсырмалар мен шығармаларды үзінділері арқылы анықтауға арналған сұрақтар қамтылды. Сайыс барысында қатысушылар тек білімдерін көрсетіп қана қоймай, топпен жұмыс істеу, ортақ шешім қабылдау және өз пікірін дәлелдеу қабілеттерін де танытты. Қызықты сұрақтар мен интерактивті тапсырмалар іс-шараның мазмұнын байытып, жастардың белсенділігін арттырды.

Интеллектуалды викторинада Абай шығармаларындағы білім, ғылым, еңбек, әділет, адамгершілік және ел бірлігі тақырыптарына ерекше назар аударылды. Ақын көтерген мәселелердің қазіргі қоғам үшін де өзекті екені көрсетіліп, жастар арасында пікір алмасуға мүмкіндік жасалды.

Іс-шараның тағы бір маңызды бағыты – тарихи-мәдени мұраны насихаттауға жастар мен еріктілерді тарту. Жоба арқылы қатысушылар мәдени волонтерліктің маңызын түсініп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен келешек ұрпаққа жеткізу ісіне өз үлестерін қосудың қажеттігіне назар аударды. «Abai Route Quiz: Бірлік пен мұра жолы» жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, танымдық көкжиегін кеңейтуге және Абай мұрасын жаңа форматта танып-білуіне мүмкіндік берді. Интеллектуалды сайыс білім мен тапқырлықты, бірлік пен белсенділікті ұштастырған мазмұнды алаңға айналды.

Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық тарих пен әдебиетке қызығушылығын арттырып, азаматтық бірегейлігі мен елжандылық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Абай мұрасын дәріптеу арқылы жастарды білімге, парасатқа және рухани кемелденуге бағыттау – «Abai Route: Бірлік пен мұра жолы» жобасының басты құндылықтарының бірі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив