Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сенаттың вице-спикері халықаралық сауда мәселелеріне арналған семинарға қатысты

19-05-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

15-17 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина халықаралық сауда мәселелеріне арналған семинарға қатысты. Шараны Дүниежүзілік сауда ұйымы мен С. Раджаратнам атындағы халықаралық зерттеулер мектебі ұйымдастырды.

Үш күн бойы қатысушылар әлемдік сауда және соңғы жылдардағы климаттың өзгеруі, кәсіпкерлік белсенділіктің эволюциясы және жекелеген салалардағы субсидиялар мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Сенат Вице-Спикері басқа елдерден келген әріптестерімен бірге өңірлік сауда келісімдерін дамыту және дамушы елдердің ДСҰ-дағы рөлін талқылады.

Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Сингапурға жұмыс сапары барысында Сингапур Парламенті Төрағасының орынбасары Джессика Танмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы парламентаралық байланыстар саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды талқылады. Ольга Перепечина біздің елдер Орталық Азия өңірлеріндегі ең ірі сауда және инвестициялық серіктестер екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Сенат Вице-Спикері әріптесіне ашық және әділ қоғам құру жолындағы Қазақстанның саяси жаңғыруы туралы, оның ішінде парламентаризм институтының жұмысы туралы ақпарат берді.

«Парламенттің қос палатасының қызметін реформалау арқылы билік институттарының өкілеттігі теңестірілді. Сенат елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады. Конституцияға сәйкес Сенатқа маңызды функциялар жүктелген. Біздің палата саяси-әлеуметтік реформалардың жоспарланған бағытын жүзеге асыруға мүдделі және мемлекеттіліктің нығаюы мен қоғамды топтастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деді Ольга Перепечина.

Өз кезегінде Сингапур Парламенті төрағасының орынбасары Джессика Тан Қазақстан мен Сингапур парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің Мемлекет басшылары деңгейінде жақсы дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар дамығанын, Сингапур Президенті Халима Якоб ханымның осы айда Қазақстан астанасына жасайтын сапары соның дәлелі екенін мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив