Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Семей қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

2-09-2026, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов, Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Тұрсын және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет барысында заңдылық, ашықтық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігі айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив