Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
455.4 526.99 5.25

Абай облысында полицейлер адасып кеткен баланы 30 минутта іздеп тапты

Бүгін, 13:55 018.kz

Аягөз қаласында сабақтан кейін үйіне қайтпай, адасып кеткен 9 жастағы бала небәрі 30 минуттың ішінде аман-есен табылды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында алаңдаған анасының уайымы көп ұзамай қуанышқа ұласты.

Оқиға Аягөз қаласында болған. Кешкі уақытта қала тұрғыны полицияға хабарласып, 2017 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының сабақтан шыққаннан кейін үйіне оралмағанын жеткізген. Алдын ала мәлімет бойынша, бала сабақтан соң достарымен ойнап жүріп, кейін жолынан адасып кеткен.

Хабарлама түскен сәттен бастап Аягөз қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Қараңғы түсе бастағандықтан полицейлер барынша жедел әрекет етті. Ювеналды полиция тобы қала аумағын мұқият тексеріп, баланың болуы мүмкін орындарын анықтап, көшелерді аралады. ЖБО камерасы арқылы баланың өткен жерлері белгіленіп, сол аумақтар қарала бастаған.

Көп ұзамай іздеу жұмыстары өз нәтижесін берді. Полицейлер адасқан баланы қала көшелерінің бірінен тауып, оның жағдайын тексерді. Оқушының дін аман екеніне көз жеткізген соң, тәртіп сақшылары оны анасына аман-есен табыстады.

Бұл оқиға – бала жоғалған кезде уақытты жоғалтпай, жедел әрекет етудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір сәттік алаңдаушылықтың өзі ата-ана үшін үлкен уайымға айналуы мүмкін. Ал мұндай жағдайда полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеті баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив