Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.94 502.32 5.52

Президент Қазақстан құрамасын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады

7-09-2026, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Президент спортшылардың жоғары нәтижеге тайсалмас табандылық, жанқиярлық еңбек және мұқалмас ерік-жігердің арқасында қол жеткізгенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретіндегі халықаралық беделін одан әрі арттыра түседі.

Мемлекет басшысы қазақстандық спортшыларға ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив