Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.94 502.32 5.52

Қазақстан климат және су қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік жастар конференциясына қатысты

7-09-2026, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Су қауіпсіздігі мен климаттық әділеттілік жолындағы Орталық Азия жастары» тақырыбында RCOY Central Asia 2026 өңірлік жастар конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия, Әзербайжан және Түркиядан 100-ге жуық жас делегат қатысты.

Конференцияда жастар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері климат саясаты мен су қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

Жиын қорытындысында қатысушылар өңір жастарының ортақ ұстанымдары мен ұсыныстарын қамтитын мәлімдеме әзірледі. Құжатты БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясында (COP31) және БҰҰ-ның 2026 жылғы Су конференциясында таныстыру жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив