Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
448.44 514.81 5.33

Құрылтай депутаттары «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілдерімен кездесті

Кеше, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, депутаттар Зульфия Байсақова, Қарлығаш Жаманқұлова, Снежанна Имашева мен Лаура Қарабасова «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Белен Санс Луке және құрылым өкілдерімен жүздесті.

Кездесу барысында тараптар әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге және шешім қабылдау үдерісіне қатысуы, әйелдер көшбасшылығын дамыту, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ Құрылтай депутаттары мен «БҰҰ-әйелдер» құрылымы арасындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

– Елдің басшылық құрылымдарындағы әйелдер санының артуы олардың әрі қарай білім алуына, жұмысқа орналасуына, сонымен қатар мемлекеттік және жеке секторларда басшылық қызметтерге тағайындалуына серпін береді, – деді Дания Еспаева.

Ол сонымен бірге алғашқы сайлау қорытындысы бойынша Құрылтай құрамына өткен 49 әйел депутат сайланғанын әрі олардың үшеуі Құрылтайдың тұрақты комитеттеріне төрағалық ететінін атап өтті.

Шараға қатысушылар әйелдерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және институционалдық шараларды талқылады. «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілдері Құрылтайдағы әйелдер өкілдігінің жоғары деңгейін сақтауға бағытталған қосымша сайлау механизмдерін, соның ішінде әйел депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайдағы тетіктерді қарастыруды ұсынды.

Белен Санс Луке «БҰҰ-әйелдер» құрылымы әйелдердің саяси өмірге қатысуы мен көшбасшылығы саласындағы халықаралық тәжірибе мен озық тәсілдермен бөлісуге де дайын екенін атап өтті.

– Саясатқа бір әйел келсе, әйел өзгереді. Саясатқа бірнеше әйел келсе, саясат өзгереді, – деді Белен Санс Луке.

«Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» атты күн тәртібіне де ерекше назар аударылды. Қазақстан 2026–2028 жылдарға арналған екінші Ұлттық жоспарды бекітті. Ол климаттық тәуекелдер, цифрлық қауіп-қатерлер, сондай-ақ әйелдерге қатысты көші-қон және экономикалық қысым мәселелерін қамтитын 40 нақты шарадан тұрады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар гендерлік саясат саласындағы өзара байланысты жалғастыруға және халықаралық тәжірибе алмасуға мүдделі екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив