Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
448.44 514.81 5.33

Құрылтайға Парламентаралық одақтың Британ тобының делегациясы келді

Кеше, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаров Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының мүшесі, Қорғаныс жөніндегі арнайы комитеттің төрағасы Тан Дэси бастаған парламенттік делегациямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, стратегиялық әріптестікті тереңдету, сондай-ақ екі ел парламенттерінің бейінді комитеттері арасындағы байланысты дамыту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Бекназаров Ұлыбритания парламентшілерінің сапарының саяси және тарихи мәніне тоқталды. Бұл Құрылтай құрылғаннан кейін Қазақстанға келген алғашқы шетелдік парламенттік делегация.

– Бұл сапар парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан-Британ стратегиялық ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін, – деді Құрылтай Төрағасының орынбасары.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейту, көлік-транзит әлеуетін арттыру, цифрландыру мен жасанды интеллект, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар парламентаралық қарым-қатынасты дамытудың нақты бағыттары қаралды. Нұрлан Бекназаров Құрылтай комитеттері мен Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар және Лордтар палаталарының тиісті комитеттері арасында тікелей диалог орнатудың маңызын атап өтті. Заң шығару үдерісін цифрландыру және жасанды интеллектіні жауапты әрі қауіпсіз пайдалану бағытында тәжірибе алмасу ұсынылды.

Өз кезегінде Тан Дэси Ұлыбритания тарапы Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл үдеріске екі ел парламентшілерінің белсенді қатысуы қосымша серпін береді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы парламентаралық диалогты жалғастырып, екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив