Ер сипаты - батылдық!
Әлихан Бөкейхан Университетінің екі бірдей өрені - Заң факультетінің 4 курс студенті Диас Төлеубай мен Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің 3 курс студенті Бекзат Бектұрсын нағыз ер азаматқа сай қылық танытып, бір отбасын өрт қаупінен аман алып қалуға себепкер болды.
Кешкілік спорт жаттығуынан үйге қайтар жолда, өрендеріміз Павлодар көшесі бойында өртке оранған қора-қопсыны көріп, дереу арада өз күштерімен өртті сөндіріп, үй иелеріне дабыл беруге асыққан. Әрі өрт сөндіру бригадалары келгенше тілсіз жауды ауыздықтауға, өрттің өршіп кетпеуіне күш салған. Батыл қимылдап, жанған қорадан газ балонын алып шыққан жастар, үлкен опаттың бетін қайтара білді
Студенттеріміздің жедел әрекеттерінің арқасында қораны шалған өрт үй-жайларға ауыспай, өрт сөндіру бригадасының арқасында ауыздықталды. Үй иелері мен Абай облысының Полиция департаменті өкілдері студенттеріміздің батыл әрекетіне алғыстарын білдіріп, жастарды азамат етіп тәрбиелеген ата-аналары мен ұстаздарына ризашылықтарын білдіруде
Университет басшылығы, профессор-оқушылар құрамы мен білім алушылары атынан, өз кезегімізде, Диас пен Бекзатқа сын сағатта батылдық танытқан әрекеттері үшін алғысымызды білдіреміз!