Семейде 70 кварталдағы төрт қабатты үйден өрт шықты
2023 жылдың 1 ақпанында сағат 14:13-те өртке қарсы қызметке Семей қаласы, 70 квартал мекенжайы бойынша төрт қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде түтін шыққаны екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үшінші кіреберісте қатты түтін пайда болды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрғаннан кейін құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Осы уақытта тұрғындар өздігінен эвакуацияланды. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, алғашқы медициналық тексеру жүргізілді.
Барлау барысында жертөледе 2 шаршы метр аумақта қоқыс жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің шебер әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
4-қабаттағы пәтерден құтқарушылар мүгедектігі бар әйелді эвакуациялады.
Өрттің себебі анықталуда.
Абай облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!