Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Құрылтайда Бас Ассамблея апталығы аясында БҰҰ-мен ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды

Кеше, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті.

Кездесуге қатысушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі міндеттерді айқындады. Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының апталығына ерекше назар аударылды.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын халықаралық тәртіптің негізгі тіректерінің бірі ретінде атап өтіп, оның маңыздылығына үнемі назар аударып келеді. Өз кезегінде, Құрылтай депутаттары халықаралық диалогты одан әрі нығайтудың және БҰҰ-ның негізгі қағидаттарын ескере отырып, заңнамалық бағыттағы өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығына назар аударды, – деді депутат Дана Медеуова.

Жиынға қатысушылар Құрылтайдың БҰҰ-мен және оның институттарымен өзара іс-әрекетті нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

Онда тұрақты даму, климат және су қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де сөз болды. Қазақстанның климат саласындағы сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған жаһандық шараларды және осы саладағы БҰҰ бастамаларын қолдайтыны атап өтілді.

Еліміздің БҰҰ-ның су қауіпсіздігі саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған арнайы мекеме ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ БҰҰ 2026 жылды Орнықты даму мақсаттары жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау туралы шешімін қолдайтыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша диалогты жалғастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив