Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Алматыда архив ісі мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті

Кеше, 18:19 018.kz

Алматыда «Ғылыми-техникалық құжаттама архивтері: өзекті мәселелер және даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жиынға Қазақстан, АҚШ, Финляндия, Латвия, Грузия және Өзбекстаннан ғалымдар, зерттеушілер, архив ісінің өкілдері, отандық жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты.

Қатысушылар цифрландыру жағдайында архив ісін дамытудың негізгі бағыттары мен халықаралық тәжірибедегі жаңа тәсілдерді талқылады.

Конференцияда заманауи технологияларды архив ісінде қолдану мәселесіне баса мән берілді. Сарапшылар ғылыми-техникалық құжаттарды цифрландыру мен сақтаудағы Латвия тәжірибесін таныстырды. Сондай-ақ құжаттарды талдау мен сараптамалық ұсыным әзірлеуде жасанды интеллектіні пайдалану, құрылыс нысандарын жобалау және олар туралы деректерді сақтауда BIM технологияларын қолдану мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, архив ісі мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, ғылыми-техникалық құжаттарды сақтаудың заманауи тәсілдері сөз болды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив