Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.98 502.45 5.45

Әлеуметтік саланы жаңғырту – ел дамуының басты басымдығы

Бүгін, 09:21

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жарияланған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында әлеуметтік саланы дамыту мен адами капиталды нығайту мәселелеріне айрықша басымдық берілді. Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі.

Жолдауда ұсынылған негізгі бастамалардың бірі – «Халықтық құрылыс» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында 2027 жылды бүкіл ел бойынша ауқымды құрылыс жылы ретінде жариялау ұсынылды. Ал 2029 жылдың соңына дейін әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлу көзделген. Оның 1,5 триллион теңгесі 2026 жылы және 2027 жылдың басында басталатын жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ.

Бұл қаражат ең алдымен халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалады. Атап айтқанда, 2029 жылға дейін елімізде 70-ке жуық денсаулық сақтау мекемесі, сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет нысанын салу әрі жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын дамытуға да көңіл бөлінеді.

Әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды бағыты – халықты әлеуметтік қорғау және еңбек нарығын жетілдіру. Бұл ретте бюджеттік сала қызметкерлері мен әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін қолдауды күшейту, ең төменгі жалақы мәселесін қарастыру және әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру міндеттері алға қойылған.

Мемлекет басшысы көтерген міндеттер өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына да тікелей ықпал етпек. Атап айтқанда, азаматтар үшін қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыру, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік сала мамандарының еңбегін ынталандыру шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар өңірлер арасындағы даму алшақтығын азайтып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Жолдауда айқындалған міндеттер әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртумен ғана шектелмейді. Оның түпкі мақсаты – адам капиталын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру және әрбір азаматқа сапалы медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастырмақ.


 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив