Дәурен Нұралинов: «Туған қаланың дамуы – басты басымдық»
2021 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Дәурен Нұралинов Қазақстан халық партиясы атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына №13 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат ретінде ұсынылды.
Ол өзінің сайлауалды үндеуінде спорттағы жетістіктері мен депутаттық қызметтегі тәжірибесіне тоқталып, халық алдындағы жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Кандидат туған қаланың дамуы, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және жас ұрпақтың болашағы маңызды басымдықтар екенін жеткізді.
Оның айтуынша, қала өміріндегі өзекті мәселелерге назар аударып, тұрғындардың мүддесін қорғау – ел алдындағы ортақ жауапкершілік.
*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Нуралинов Даурен Болатовичтің сайлау қорынан төленді