Нұржан Бахаев: «Семейдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру маңызды»
Семей қалалық мәслихатының депутаттығына №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Нұржан Бахаев қаланың экономикалық дамуы мен өнеркәсіптік әлеуетін арттыруды негізгі басымдықтардың бірі ретінде қарастырады.
Кандидаттың айтуынша, Семей – өндірістік дәстүрі қалыптасқан, еңбек ресурстары мол қала. Сондықтан жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажет.
Сондай-ақ ол жергілікті кәсіпорындарды қолдау, жастарды өндірістік мамандықтарға баулу және қаланың экономикалық дамуына серпін беретін бастамаларды жүзеге асыруға ықпал етуді көздейді.
Нұржан Бахаев алдағы сайлауда тұрғындарды белсенділік танытып, кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысуға және саналы таңдау жасауға шақырды.
*№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округібойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Бахаев Нуржан Амангельдиевичтің сайлау қорынан төленді