Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын стратегиялық бағдар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдағы даму бағыттары мен маңызды міндеттері айқындалды.
Президент экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, отандық өндірісті қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жолдауда 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынылды. Бұл бастама аясында еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік нысандарды салу, жолдарды жөндеу, инженерлік желілерді жаңарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.
Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көлік-логистика әлеуетін арттыру басым міндеттер ретінде белгіленді.
Президент Жолдауында көтерілген бастамалар Абай облысы үшін де маңызды. Әсіресе, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыттары облыстың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді тиімді жүзеге асыру – экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты.