Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте денсаулық сақтау және білім беру салаларын цифрландыру барысы талқыланды

25-05-2023, 10:16 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте Президенттің тапсырмаларын орындау аясында денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларын цифрландыру барысы талқыланды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көптеген ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді. Денсаулық сақтау министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, оларды бірыңғай жүйеге енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, бұл барлық ақпаратты eDensaulyq бірыңғай базасында шоғырландыру арқылы деректерді қайта тіркеуге және түзетуге жол бермейді. Бұл міндетті медициналық сақтандыру жүйесін айтарлықтай жақсартады.

«Денсаулық сақтау саласын цифрландырудағы басты міндет – пациентке МӘМС аясында уақтылы және сапалы медициналық қызметтер көрсету. Дәрігер үшін пациенттің денсаулығы туралы барлық ақпараттың болуы маңызды, бұл барлық құжатты толтыруға емес, емдеу процесіне көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Алтай Көлгінов. 

Ашықтықты қамтамасыз ету – мектепке дейінгі білім беру үшін де өзекті мәселе. Ең алдымен бұл балабақшаларға орын бөлумен байланысты. Осы мақсатта мектепке дейінгі балалардың өңірлік базаларын бірыңғай кезек базасына біріктіру процесі жүргізілуде.

Білім беру саласы үшін өзекті мәселе – мектептерді интернетке қосу. Мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсат – 100%-ға қол жеткізу. 2023 жылдың басында Қазақстанда жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған 1 384 (19%) мектеп болды. Бес айдың ішінде олардың саны 3 741-ке (49%-ға) жетті. Жаңа оқу жылы қарсаңында  сапалы интернетке қосылған мектеп саны артуға тиіс.

«Интернет бүгінгі таңда мектептердегі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Қазір қалалық және ауылдық мектептер арасында айырмашылық бар. Интернет ауыл мектептерінің деңгейін қала мектебінің деңгейіне дейін арттыруға көмектеседі», — деп атап өтті вице-премьер.

Бұдан бөлек, оқушылардың мектеп қызметтеріне қол жеткізуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін мектеп ғимаратына кіруге, кітапхананы немесе асхананы пайдалануға болатын сәйкестендіру карталарын енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ республикада ғылымның цифрлық экожүйесін құру жұмысы жүргізілуде. Бұл ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лар үшін қажетті барлық ақпаратты біріктіретін қазақстандық ғылымның цифрлық баламасы болмақ.

Қазақстандық дәйексөз базасының халықаралық ынтымақтастығын кеңейту жоспарлануда, онда соңғы 18 жылдағы республикалық журналдардан мақалалар жинақталды, 200 мыңға жуық ғылыми мақалалардың библиографиялық сипаттамалары және т. б. сақталады.

Цифрландыру аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай платформаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде, ол еліміздің жоғары оқу орындары деректерінің бүкіл экожүйесін біріктіреді.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігіне жыл соңына дейін МӘМС жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және электрондық денсаулық паспортын енгізу үшін медициналық жүйелерді интеграциялау мәселелерін пысықтау, Білім министрлігіне Бірыңғай кезекті іске қосу және балабақшаларға жолдама беру мәселелерін шешу тапсырылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен әкімдіктер байланыс операторларымен бірлесіп, мектептерде интернет жылдамдығын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы, талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысын қамтамасыз етуі және спутниктік жабдықтарды ауыстыру жұмыстарын жүргізуі қажет, ал Ғылым және жоғары білім министрлігі дипломдық, магистрлік және докторлық жұмыстарды цифрландыруды аяқтауы тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив