Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен ҚХР көлік-логистика саласында өзара әріптестікті нығайтуға мүдделі

25-05-2023, 12:05 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапарында аталған елдің төрағасымен көлік-логистика саласында екіжақты ынтымақтастықты арттыру перспективалары талқыланған еді.

Бұл орайда қазір ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қорғас» халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, сондай-ақ Ляньюньган теңіз порты сынды ірі жобаларды дамыту бойынша жұмыстарды қолға алғанын айта кеткен орынды. Сонымен қатар барлық халықаралық бағытқа сәйкес контейнерлік пойыздарды қалыптастыру арқылы Қытай өңірлерінен келетін жүктерді шоғырландыру мақсатында жобалық қуаты 1 млн 200 мың жиырма фут эквивалентке жететін (жылына) Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысы басталды.

Осы ретте екі елдің арасында жүктердің экспорт-импорт тасымалының оң серпіні байқалып келе жатқанын атап өту қажет. Биыл 3 айда отандық теміржол арқылы транзиттік жүк тасымалының көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 27,5%-ға ұлғайды. Демек логистикалық қызметтерге сұраныс артып келеді.

Бұл тұста «Достық  Мойынты» теміржол учаскесінде екінші шойын жолдың құрылысы басталғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ Бақты (ҚР) Тачен (ҚХР) автокөлікті өткізу аумағының маңынан Қазақстан-Қытай арасындағы 3-ші темір жолды ашу туралы шешім қабылданды. Осы амал арқылы Орталық Азия, Кавказ өңірі, Иран, Түркия, Еуропа елдерінің жүктерді құрғақ жолмен тасымалдаудағы сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік беріледі. 3-ші т/ж өткізу пунктін ашу жөніндегі меморандумға қол қоюдың мақсаты да осы.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалының көлемін арттыруға келсек, аталған маршрутпен Қытай Еуропа бағытына қосымша контейнерлік пойыздарды тарту үшін бойынша екі мемлекеттің үкіметтері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив